Балаларға оқуға кеңес береміз

Эллис Каут

 И снова Пумукль: Сказочная повесть

Классная книжка про маленького и замечательного домовенка на свете. Он немножко ленив, но очень деятелен, очень любит похулиганить. Обычно домовые невидимы, но Пумукль случайно потерял свою невидимость для мастера Эдера вовремя одной из своих проделок, зато приобрел друга и наставника. Мир Пумукля и мастера Эдера, наполнен ароматом свежих опилок и шоколада.

У фрау Эллис очень добрая детская сказка, про любовь, дружбу и доброту на несколько вечеров.

 Картинки внутри книги черно-белые, но очень забавные и довольно крупные.

Приятного Вам чтения!

 

 

 

Толымбек Әбдірайым «Тағдыр сыйы»

Құрметті оқырмандар, кітапханамыздың кітап қоры – балалар әдебиетінде өзіндік орны бар, жерлесіміз, жазушы, ақын, сатирик Толымбек Әбдірайымның «Тағдыр сыйы» атты кітабімен толықты.
Жазушының бұл туындысына 13 әңгіме, 2 повесть және естеліктер енген. Шығармада бүгінгі замандастарымыздың қилы өмірі мен тыныс – тіршілігі суреттеледі.
«Жұдырық» атты хикаятта шығарма кейіпкері Тәкеннің туған жерін аңсап, тағдыр тәлкегіне түсіп, абақтыдан қашқан оқиғалары суреттелсе, жазушының «Оралу» повесінде Мейірбектің бір жыл ішіндегі басынан кешкен қилы өмірі туралы әдемі айтылады.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Кітап сүйер қауым ,сіздерге Толымбек Әбдірайымның «Тағдыр сыйы» атты кітабын оқуды ұсынамыз!

«Қыран бүркіт хикаялары»

Тұрдақын Жексенбайдың бұл жинағы әлемге әйгілі, қазаққа қастерлі қыран бүркіттің табиғатын танытуды және оны аялап қорғауды, халқымыздың ежелден келе жатқан бүркітшілік кәсібі мен саятшылық, құсбегілік өнерін көрсетуді көздейді. Мұндағы әрбір шығарма адам таңғаларлық таңғажайыптар мен ерекше қызық хикаяларға барынша бай болып келеді. Шығарма бүркітшілік атты ұлттық өнерімізді игергісі, тіпті оның ерекшелігін терең білгісі келген кез-келген оқырман үшін оқулық дәрежесіндегі құнды дүние. Олай болса құрметті оқырман сізге осы шығарманы оқуға кеңес береміз.

 

«Алпамыс батыр»

Халық ауыз әдебиетін телегей – теңіз мол мұра десек, сол теңізді құрайтын аса ауқымды арнаның бірі – эпикалық жырлар. Ал солардың ішіндегі ең бір келісті де көрнектісі «Алпамыс батыр» жыры екені даусыз. Олай болса, құрметті оқырман сізге осы шығарманы оқуға кеңес береміз. Қара сөзбен баяндалып, көркем безендірілген бұл нұсқа сіздің ойыңызды ұштап, қиялыңызды қанаттандырып, кезекті рухани олжа боларына сенімдіміз.

 

 Абай Құнанбаев «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла…»

«Шығыс өңірі – қазаққа Ақтамберді жырау мен Дулат ақынды, Ақтайлақ пен Кеңгірбай биді, ұлы Абай мен Шәкәрімді, кемеңгер Мұхтар Әуезовті және Қажығұмар Шабданұлы, Әзілхан Нұршайықов, Оралхан Бөкей, Қалихан Ысқақ, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Төлеужан Исмайлов, Нұрлан Мәукенұлы, Ұлықбек Есдәулет секілді көптеген тамаша сөз зергерлерін, Сәрсен Аманжолов, Зәки Ахметов, Сейіт Қасқабасов, Шерияздан Елеукенов, Кенжехан Матыжанов сияқты әдебиеттанушы ғұлама ғалымдарды берген қасиетті өлке. Алдыңғы аға буынның ізін басқан кейінгі толқын арасында да қабілет-қарымын дәлелдеп үлгерген талантты жастар баршылық. Ал олардың шығармашылық мұрасы – толайым қазақ жұртының ортақ олжасы, құнды қазынасы» деп жазды «Алтай-Ертіс» сериясымен шыққан «Абай шығармалары» кітабының алғы сөзінде Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев.

Кітапханамызда жақында ашылған өлкетану орталығы осы қаламгерлердің шығармаларын насихаттау барысында «Шығыс жауһарлары» рубрикасын назарларыңызға ұсынады.

Бүгінгі таныстыратын кітабымыз Абай Құнанбаевтың «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла…».

Кітапқа Абайдың өлеңдері, поэмалары, аудармалары, сондай-ақ қара сөздері енгізілген. Шығарма балалардың танымына лайықталып қарапайым тілмен жазылған.

«…Абайдың ешбір шығармасы көзі тірі кезінде баспасөз бетін көрмеген. Шығармаларын ол қағазға жазып тастайды екен де, оларды сол үйге жақындығы бар арабша сауатты Мүрсейіт Бікеұлы дейтін кісі жинастырып, ретімен тіркей беретін болған. Ақынның өлеңдерін қадірлеушілер Мүрсейітке көшіртіп алады екен де, ақысына бір қойдан төлейді екен. Мұндай қолжазба жинақтар Абайдың тірі кезінде әлденешеу болған. Абай енші берген ұлдарына, ұзатқан қыздарына осындай жинақтардың біреуін сыйға тартып отырған».

Абай өлгеннен кейін, шығармаларын баспадан шығару ісін оның туған інісі Ысқақтың баласы – Кәкітай қолына алған.

Ол көп ізденудің нәтижесінде 1909 жылы (Абай қайтыс болғаннан соң 5 жылдан кейін) Петербургте Бораганский баспаханасынан тұңғыш «Абай Құнанбайұлының өлеңдер жинағы» деген атпен таңдамалы өлеңдерін араб әрпімен жеке кітап қып бастырған. Тиражы 1000 дана. Осы еңбегі шыққанға дейін туған жерінің төңірегінде ғана танымал Абайдың есімі қазақтың кең даласына түгел жайылып, оқуға құмартқандар бірінен-бірі қалап алатын болған.

Абай шығармалары бүгінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының лайықты бағасын алуда…

Рухани азық берер құнды қазынаны кітапханамыздың төрінен табасыздар.

Зенькович Н. А. «Назарбаевтай болғым келеді»

Президенттің балалық шағы туралы әңгімелер.

Балаларға арналған бұл кітапта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың балалық шағы туралы әңгімеленеді. Кітаптың тәрбиелік мәні жоғары. Кітапты қолға алғаннан – ақ кейіпкердің басынан кешкен жекелеген оқиғаларынан басталып, келе-келе оқиғаның дамып, оның ықпалды, беделді тұлғаға айналып, қайраткерлік қасиеттері қалыптасқаны баяндалады. Кітапты оқу арқылы жас оқырманның бойында патриоттық рух, Отаны мен елін шексіз сүйетін мақтаныш сенім қалыптасады. Жас оқырманды биікке талпындырып, асқақ армандарға жетелейді. «…Ұлының кітапқа көп шұқшиятынына алаңдайтын Әлжан «миын тынықтырып» келуі үшін үйден қуғандай болып көшеге шығаратын. Ол анасын тыңдап, таза ауаға шыққанымен, оңтайлы сәтте терезе арқылы үйге кіріп, кітап оқуға қайтадан кірісетін…». «… Маған және менің қатарластарыма фантастика және күтпеген оқиғалар туралы кітаптар көбірек ұнайтын, – деп еске алады Н. Назарбаев. Дюманың, Конан Дойльдің, Александр Беляевтің, Хаггардтың, Купердің мүлдем ерекше, бұрын таныс емес тартымды кейіпкерлер әлемі бізді өзіне құдды магниттей тартатын…» Он екі жасында ол нағыз кітапқұмар болған.

Айғыз Баймұхаметов. «Тастамашы, ана!»

Башқұрт жазушысы Айғыз Баймұхаметовтың бұл кітабында әке-шешесінен айырылған жетім балалардың аянышты тағдыры баяндалады. Автор өзі тәрбиеленген балалар үйіндегі ұл-қыздардың өмірін қарапайым тілде суреттейді. Балалар үйінің шынайы бейнесі, балалар үйінен шыққан соң жетімдердің тағдырлары қалай аяқталады? Міне осындай сұрақтарға жауап ала аласыздар. Кітаптағы оқиғалар 99 пайыз шындық. Басынан небір қиыншылықтар өтсе де, өзінің асқақ арманы үшін күресіп бүгінде танымал жазушыға айналған автордың тағдыры кімді болса да бей-жай қалдырмайды. «Негізінде шығармамен мектеп оқушылары, тіпті жоғары оқу орындарының студенттері танысып, оқып шықса құба-құп болар еді. Өйткені, қоғамымыздағы түрлі келеңсіздіктер көбіне-көп осы жастардың арасында орын алып жатқаны жасырын емес. Бірі – некесіз бойына біткен баласын тоғыз ай көтеріп, туған соң жай қоқыс тастағандай жәшікке лақтырып кетіп жатса, екіншілері барын аузына тыққан әке-шешесін қарттар үйіне тапсырып, тайраңдап жүргенін жасырып қала алмаймыз. Міне, осылай шалыс басып жатқан жастардың ақылына-ақыл қосатын еңбек» деп жазады Нұрғиса Өмірбайұлы. Қазақ тіліне бұл шығарманы жерлесіміз ақын, аудармашы Саят Қамшыгер тәржімалаған.

Ділдә Матайқызы Тасмағамбет келіні. «Ұрпағым, саған айтам…»

Ел сыйлаған қадірлі ана, өмір өткелдеріндегі алуан жайттарды, халқымыздың салт-дәстүрін кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде қағазға түсіріп жүрген Ділдә Матайқызы Тасмағамбеткелінінің «Ұрпағым, саған айтам» деген туындысы әлі талай буынның қажетіне жарар деген ойдамыз. Бұл кітапта сан алуан сұрақтарға жауап табуға болады. Мәселен: бесікті неліктен төрге қояды?, жеті санын неліктен қасиетті сан деп атайды?, неліктен сыйлы қонаққа бас тартылып, жамбас беріледі?, жан сұлулығы, тән сұлулығы деген не?, « мінезді кісі – бай кісі» дегеннің мәнісі не? т.с.с. Кітап негізінен балаларға арналса да, ересек оқырмандардың да бұл кітаптан алары мол деп есептейміз.

 «Айгөлек» журналы – республикалық балалар журналы. XXI ғасыр балаларының ой-сана, қызығушылық, талап талпынысын толық ескерген басылым. 2000 жылдың қазан айынан бастап ай сайын шығады.

http://my.mail.ru/mail/aigolek-zh

«Ақ желкен» – Республикалық жастар және балалар арналған әдеби-көркем журнал. Құрылтайшысы – ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі. Айына бір рет шығады. Журналда тарихи, ғылым-танымдық, тәрбиелік мәні мол мақалалар, сондай-ақ талапкер жасөспірімдердің — мектеп оқушыларының өлең-жырлары, әңгіме, хикаяттары ұдайы жарияланады.

 www.zhasorken.kz 

«Ертегілер елінде» журналы балабақша жасындағы балалар мен бастауыш сынып, орта буын оқушыларына арналады. Журналда бұрын еш жерде басылмаған жаңа ертегілер жарияланады.

 www.balakai.kz

«Жыл он екі ай» – оқушылар мен ата-аналарға және тәрбиеші, ұстаздарға арналған әдеби-танымдық күнпарақ, үлкен-кішінің бәріне ортақ журнал. Онда бала жанын баурап, ойына ой қосатын қысқа да нұсқа дүниелер көп. Бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналарға және тәрбиеші ұстаздарға арналған әдеби-танымдық күнпарақ. Ұсынылып отырған санынан көптеген көркем әңгімелермен, ертегілер, жұмбақ- жаңылтпаш, өлеңдермен таныс боласыздар.          toganayt@mail.ru

«Балақан» журналы бастауыш сынып оқушыларына арналған. Әрбір оқушы, ұстаз, ата-аналар осы журналдың меншікті тілшісі бола алады. Журналдың әр бөліміне арнап өз шығармашылық жұмыстарыңызды жіберуге болады.

  pedagogika_press@mail.ru

«Ертегілер әлемінде» – балаларға арналған түрлі – түсті ертегілер журналы, қазақ және орыс тілдерінде шығады. Бұл басылымда балалар әлем халықтарының ертегілемен танысады.

 www.pedagogikapress.kz

«Балдырған» журналы бастауыш сынып балаларына арналған әдеби-көркем журнал. 1958 жылы шілде айында алғаш нөмірі жарық көрді. Айына 1 рет шығатын, көлемі 1,5 баспа табақ журнал. «Балдырған» бүлдіршіндерді имандылыққа, еңбек сүйгіштікке, отаншылдық рухқа тәрбиелейтін басылым. Журнал бетінде қазақ халқының тарихына қатысты шағын ақпараттар, балалардың ой-өрісін кеңейтетін, тілін ұстартып, сөздік қорын байытатын өлең-тақпақтар, ертегі-аңыздар, жаңылтпаштар мен жұмбақтар тұрақты жарияланады.

 www.zhasorken.kz 

«Хайуанаттар патшалығы» – Достым, сен қандай үй жануарларын білесің? Есіңе түсіріп, атап көрші. Әрине, олардың ішінде сенің сенімді серігіңе айналғандары да бар.

Білесің бе, балақай? Адамдар әлі иелік ете қоймаған  ерте заманда үй хайуанаттары қайда, қалай өмір сүрген? Оларға жыртқыш аңдар тиді ме, әлде дос болды ма? Қалай ойлайсың? Егер жыртқыш аңдар тиіскен болса, үй жануарлары олардан қалай қорғанды? Әлде оларға біреу көмектесті ме?

Үй жануарларының ертедегі және бүгінгі тіршілігі жайлы білгің келсе, «Хауанаттар патшалығы» кітабын оқы. Өте қызық! Саған ұнайтындығына сенімдіміз!

«Ақылыңа ақыл қос» Әлібек Файзуллаев (5-6 сынып) – Кітаптың басты кейіпкері Айбол әлі  мектепке бармаған бала. Үнемі үйдегілерден оқып беруін өтініп жүреді. Бірақ ол жай ғана тыңдап қоймайды, естігендерін ой елегінен өткізіп, жақсылықты үйреніп, жамандықтан жирене бастайды.

Ал, сен өзің оқи аласың. Тіпті, іні-қарындастарыңмен, ата-анаңмен қатар отырып оқып беруіңе болады. Бірақ, жай ғана оқи салмай, Айбол сияқты оқығандарыңды көңіліңе тоқи біл!  

Share