Көкейімде Күлтегіннің Жазуы

Ақсұңқар, Серік. Көкейімде Күлтегіннің Жазуы [Мәтін] : жаңа жыр кітабы / С. Ақсұңқар. – Алматы : Атамұра, 2018. – 368 б. – (Атамұра кітапханасы).

2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдауда «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясында ел болып оқитын кітаптар ішінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Ақсұңқардың «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» атты жыр кітабы таңдалып алынды. Жазушының бұл жинағы екі бөлімнен тұрады. Соның бірінші бөлімі «Кириллица – ет жақыным, жатым да…» деп аталады.
Кириллица – ет жақыным, Жатым да,
Жан тартпаған мендей бөтен ақынға.
Қашан көшіп қасиетті латынға,
Айтам осы Алаш-анам хақында?… Бұл – ақынның қара басының мұңы емес. Қазақ әдебиетін өзіміз қанша мақтасақ та, әлем оқырмандары ақын, жазушыларымыздың шығармашылығын білмейді. Қаламгерлеріміздің туындыларын шетел тілдеріне аудару енді ғана қолға алынды. Осы іс баяғыда басталса, әлем қазақты әдебиетімен де танып алар еді.

Share