Балалық шақ

Айтматов, Шыңғыс. Балалық шақ [Мәтін] : повесть / Ш. Айтматов. – Караганды : Qasym баспа үйі, 2020. – 134 б.

Шыңғыс Айтматовтың кейін табылған, әрі қазақшаға да аударылғанына көп болмаған шығармасы – «Балалық шақ» повесі. Адамзаттың Айтматовы атанған кемеңгер жазушының өз аузынан жазылып алынған балалық шағының естеліктері кім-кімге де қызықты екені сөзсіз. Оқиғалар шынайы, қарапайым тілмен баяндалып, оқырмандарын сағынышқа тұнған кешегі түндерге жетелейді. Еуропада жүрген кезінде жазушының шығармаларын неміс тіліне аударған аудармашысы Фридрих Хитцерге бала кезі туралы ұзағынан әңгімелеген екен. Шыңғыс Айтматов дүние салған соң жары Мәрия мен әңгімені үнтаспаға түсірген аудармашы Фридрих екеуі қағазға түсіріп, алдымен неміс тілінде, кейін қырғыз тілінде кітап етіп шығарған. Айтматовты өз ұлындай көретін қазақ елі ізінше қазақшаға тәржімалаған.

Share