Үш ноян

Дюма, Александр. Үш ноян [Мәтін] : роман. 1-кітап / А. Дюма. – Караганды : Qasym баспа үйі, 2020. – 456 б. – (Qasym kitaphanasy).

«Үш ноян» – Александр Дюманың 1844 жылы жазған романы. Кітапта ноян атану үшін үй-жайын тастап шыққан кедей гаскондық дАртаньян мен оның достары үш ноян – Атос, Портос және Арамистің бастан кешкен шытырман оқиғалары баяндалады. Олар Франция патшайымын қорғау үшін кардинал Ришельемен және жымысқы миледимен куреске шығады. Кітапта берілген оқиғалар жас оқырмандарды қызықтыратындай тартымды баяндалған. Осыдан екі ғасырдай уақыт бұрын жазылған, төрт ғасыр бұрынғы заманды баяндайтын осынау роман әлі күнге тартымдылығын жоғалтқан жоқ. «Үш ноян» бірнеше тілге аударылған және әлем бойынша кино, телесериал, мультфильм түрінде өте көп экранизацияланған. Тіпті алғашқысы 1898 жылы дыбыссыз кино түрінде Британияда шыққан.

Share