«Читающие дома»

«Читающие дома»

«Читающие дома» жобасы балаларға естен кетпейтін қызықты, танымдық-шығармашылық шараларды ұсынуда! Кезекті кездесуде «Мақтаншақ қоян» атты татар халық ертегісі үзіліспен оқылды. Шара барысында қатысушылар кейіпкердің іс-әрекетін дәлелдеу, ертегінің негізгі идеясын ашу мақсатында қойылған сұрақтарға белсене жауап берді.
Сонымен қатар ұсынылған мерзімді басылымдарға байланысты ақпараттарға да қызығушылық танытты. Бүлдіршіндерді қызықтыратын түрлі сұрақтарға «Данышпан қария» айдарында жауаптар берілсе, «Шыны қайсы, өтірігі қайсы?», «Осы рас па?» айдарынан әр нәрсеге әуес, жан-жақты, білуге құштар балалар түрлі ақпараттарды алды.
«Өзің бояп ал» айдары ертегі кейіпкерлерін түрлі-түсті бояулармен бояп, өз қиялдарына ерік беруге ықпал етті, бүлдіршіндерді бейнелеу өнеріне қызықтырды.
Шара соңында қатысушыларға әлем халықтары ертегілері, табиғатты қорғауға тәрбиелейтін түрлі кітапшалар таныстырылып, оқуға ұсынылды.
Share

Пікір үстеу