Play and learn English

Шара барысында балалар зияткерлік-шығармашылық ойынға қатысып, спорт туралы өз білімдерін көрсете алды. Оқырмандар екі топқа бөлініп, “Black Box/Қара жәшік”, “English experts/Ағылшын тілінің білімпаздары”сияқты ойындарда логика мен зияткерлікке мақсатталған сұрақтарды шешіп жарысты. “Secret message/Жұмбақ хабар” ойынында жас оқырмандар бір-біріне спорт тақырыбы бойынша ағылшын тілінде жұмбақтар айтып, қарсыластар тобына бейне хабарлама түсірді. Әрі қарай, үйірмеге қатысушылар “Make up the word/Сөз теруші” ойынында жылдамдық пен тапқырлыққа бағытталған тапсырманы орындай отырып, спортқа қатысты сөздерді құрастырды.

«Мамандықтар әлемі сыр шертеді» / «My future job and career»

 «Play and learn English» шарасында презентация арқылы балалар әртүрлі мамандықтар түрлерін қайталады. «Guess the profession», «Choose the right verb» сияқты тапсырмаларды to be етістігін осы шақта қолдана отырып орындады. «Крокодил» ойынында ойыншылардың бірі жұмбақ мамандықты сөзсіз бейнеледі, ал қалғандары оны болжауға тырысты. Соңғы тапсырмада оқырмандар құлаққап пен микрофонды пайдаланып, ағылшын тіліндегі мәтінді тыңдай отырып, сурет салды.

«Қыстың сәніаққала/ «Winter fun with a snowman!»

«Play and learn English» үйірмесінің кезекті шарасы қысқы эстафета түрінде өтті. Жаңа жылдың нышаны Қоян мен көңілді Аққала оқырмандарға қонаққа келді.  Балалар әр-түрлі жұмбақ шешіп, Аққаланың биін биледі. Сонымен қатар, екі топқа бөлініп, бүлдіршіндер кесек қар жинап жарысыты, хоккей ойнады. Қызықты тапсырмалардың бірі – жарыса отырып, оқырмандар бір бірінің арқасына кезекпен  жасырылып айтылған сөзді салып, соңында суретті тақтаға салу керек болды.

Джон Рональд Руэл Толкин / John Ronald Tolkien        

Джон Рональд Руэль Толкиеннің 130 жылдығына орай үйірме сабағы ағылшын жазушысының өмірі және шығармашылығымен танысуға арналды. Сабақ барысында оқырмандар “Lord of the Rings”/”Сақиналардың иесі” трилогиясының жазылу тарихы, Hobbit/Хоббит сөзінің мағынасы, фэнтези мен фантастика жанрларының айырмашылығы туралы шығармалардың нақты және шынайы емес құбылыстарын немесе кейіпкерлерін сипаттау және түсіндіру арқылы білді. Нәтижесінде, балалар аттас фильмнің кейіпкерлерімен салыстырғанда кітаптың кейіпкерлері жеке көзқарастары бойынша қандай болуы мүмкін екендігі туралы өз пікірлерін айтып, бөлісе алды.Формасы: әдеби шолу.

«Ас – адамның арқауы» / “Hunger is the best spice”

«Play and learn English» үйірмесі шеңберіндегі іс-шара салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануға арналды. Балалар мультимедиялық презентация арқылы ағылшын тіліндегі азық түлік пен тағамдар түрлерінің атауларын еске түсірді және қайталады. Ал бұл істе оларға әрқашан дәмді тамақтанғанды жақсы көретін сүйікті ертегі кейіпкері Винни пух көмектесті. Әрі қарай, оқырмандар тамақ туралы сөздерді, мақал-мәтелдерді білуде бәсекеге түсе алды. «Best choice»/«Үздік таңдау» ойынында оқырмандар берілген суреттерді пайдалы және зиянды тағамдар түрлеріне бөліп, оларды ағылшын тіліндегі атауларын атап көрді. Сонымен қатар, жас ағылшын әуесқойларына Винни Пух туралы мультфильмінің үзіндісі көрсетілді, және олар тамақтанудың адам денсаулығына пайдасы туралы өз ойларын білдіруге мүмкіндіктері болды. Сондай-ақ, балалар «Let’ s have some rest» ойынында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін тамақ/сусын/жеміс-көкөніс санаттары бойынша ағылшын сөздеріне қол шапалақтап, аяқтарымен топылдап немесе бастарын бұрып бекітті. Сабақ соңында балалар өздерінің сүйікті тағамдары туралы ағылшын тілінде айта алады.

 

«Мәдени ұйқысыздық» / “Cultural insomnia”

Бұл шара “Маугли” және “Алиса ғажайыптар елінде” ертегілері бойынша әдеби квест түрінде өтті. Оқырмандар өздерін нағыз шытырман оқиға саяхтшылары ретінде сезіне алды, шарадалар мен басқатырғыштарды шеше алды. Балалар “кітап кейіпкерлерінің ізімен жүре отырып” тапсырмасын орындап, лайықты марапатқа ие болды!

Су асты патшалығы / Underwater kingdom.

Үйірме сабағында балаларға презентация ұсынылды, оқушылар теңіз жануарлардың, балықтар мен өсімдіктердің аттарын қайталады, су асты тереңдігінің жаңа тұрғындарымен танысты. Білімді бекіту ретінде оқырмандар теңіз өмірі туралы жұмбақтарды шеше алды. Балалар «Артық сөз» дидактикалық ойынына, «Теңіз толқыны…», сондай-ақ сенсорика мен бәсекеге қабілеттілікті дамытатын «Інжу-маржандарды жинау” ойындарына қатыса алды. Шара соңында оқырманадарымыз өздерінің кемелерін «құрып», алыс саяхатқа аттанды. 

Әжім –әжемнің әрі

«Play and learn English» шеңберінде «Әжім –әжемнің әрі, демеңіз оны кәрі, кәрінің сөзі дәрі» атты кезекті үйірме шарасы өтті. Балалар «Қызыл телпек» ертегінің үзіндісін тамашалай отырып, қасқырмен кездесті. Қасқыр балалардың әжелерін босатуға уәде беріп, есесіне, оқырмандардан онымен бірге ойын ойнауды талап етті. Екі топқа бөлініп, оқушылар ең тәтті құймақ пісірді, әженің кәмпиттерің ұстап, өздеріңнін белсенділігін көрсетті, өз қолымен әжеге арнап алқа жасады, ойынның соңында әр бала өз әжесіннің суретін салып, ағылшын тілінде сипаттап берді. Шара барысында оқырмандарымыз қиялдап ойлау қабілеттерін, әжелеріне деген махаббаттын және өз білімдерін көрсете білді.

Табиғат – тіршілік нәрі / Nature is my medicine

Үйірме сабағында балалар ағылшын тілінде ауа райының әртүрлі жағдайларын зерттеді. Мери Поппинс – ағылшын ертегі әңгімелерінің кейіпкері біздің жас ағылшын әуесқойларына қонаққа келді. Меримен бірге оқырмандар ауа-райы туралы «what is the weather like today» атты көңілді ән тыңдап, шырқады. Оларға Көктем, Жаз, Қыс және Күз мезгілдері келіп, бірге ойнап, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін бекітті: музыкалық ойын Magic islands/Сиқырлы аралдар, Funny circle/Көңілді шеңбер, Fancy mosaic/Ғажайып мозаика, Summer stream/Көктемгі бұлақ, Two Snowmen/Екі аққала. Іс-шара соңында балалар өздерінің сүйікті мезгілдерін бояулар және қылқаламдармен бейнеледі.

Оқы. Ойла. Таңдауыңды жаса / Smart competition

Іс-шара зияткерлік ойын түрінде өтті, онда оқырмандар командалар бойынша жарысып, кітаптардың, ертегілер мен мультфильмдердің және басқа да танымал кейіпкерлердің есімдерін біле алды. Ойын барысында балалар дұрыс жауаптарды тауып қана қоймай, сонымен қатар іс-шараның соңғы бөлігінде оларға “Treasure quest” квестіне қатысып, сиқырлы кілтті тауып, оның құпиясын ашу ұсынылды.

Small talk

Үйірме сабағында оқырмандар өз құрдастарын отбасы мүшелерімен таныстырды, сонымен қатар достарының отбасылары туралы біле алды. Балалар өздерінің туған-туыстары мен жақындары жайлы айтып, көрсетіп, олардың әуестігі мен отбасылық дәстүрлері туралы ағылшын тілінде сөйлесуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, балалар «Small talk» әңгімесі барысында бір-біріне сұрақтар қойып, алдынала отбасы мүшелері туралы жұмбақтар ойлап таба алды.

Ғылымға құштарлық, ізденіске іңкәрлік / Science is magic that works

Жаңа оқу жылы қарсаңында кітапханамызда бүгінгі іс-шарада біздің оқырмандар ғылым мен жаңа білім әлеміне енді. Балалар зияткерлік тапсырмаларға қатысты, оларды орындай отырып, дұрыс жауаптары үшін ұпайлар жинай алды. Осылайша, қатысушыларымыз Chemical Lab/химиялық зертхана, Brain teaser/ойжұмбақ, Nature experts/Табиғат білгірлері, Coding/Кодтау, Shooting star/Метеор сияқты бірнеше кезеңдерден топтар бойынша жарыстан өтті. Станциялардың әрқайсысында балалар қазақ, орыс, ағылшын тіліндерінде қызықты тапсырмаларды орындап, мектеп білімін еске түсірді, сондай-ақ өздерін тапқырлыққа, ептілікке және топта жұмыс істеу қабілетіне тексере алды.

Сенің құқығың бар / You have the rights

Конституция күні мерекесі қарсаңында біз балаларымызды ертегідегі құқықтық викторинаға қатысуға шақырдық, онда белгілі ертегілердің кейіпкерлері мен олардың сюжеттерінің үлгісінің негізінде олар белгілі бір кейіпкерге қатысты қандай құқықтар бұзылғанын анықтауға тырысты. Бірақ алдымен балалар қандай құқықтар мен міндеттер бар екенін есіне алып, оларды ағылшын тілінде қалай атауға болатындығын үйренді.

Таңғажайып жеті түс / Seven colors of the rainbow

Жаз жалғасып, өзінің жарқын, жылы түстерімен бәрін қуантуда. Бұл сабақта балалар ағылшын тіліндегі түстер палитрасының аттарын еске түсіріп, түрлі қызықты ойындарға қатысып, ағылшын алфавитінің бірінші әріпіне сәйкес түстерін атады, жүргізушінің нұсқауларына сәйкес түрлі-түсті ленталарды байлады, бақша шалғынына барып, қалаған түстің кез-келген жемісін табулары керек болды. Сондай-ақ, балалар ««Running traffic light» көңілді, белсенді ойынның көмегімен жол жүру ережелерін еске алды. Қорытындылай келе, біздің кішкентай данышпандарымыз кемпірқосақ түріндегі қолөнер бұйымын өздері жасап, ағылшын тілінде қысқаша сипаттамасын берді.      

Great thinker and unique genius / Абай – дана, Абай – дара қазақта

Тіл үйірмесінің сабағы қазақ әдебиетінің ұлы классигі, өз заманының философы әрі ағартушысы Абай Құнанбаевқа арналды. Сабақ басында балалар белгілі ақынның өмірбаянымен, оның шығармашылық еңбектерімен қысқаша танысты, кітап шығармаларының шағын көрмесіне қатысты, олардың үзінділерін қазақ, орыс, ағылшын және тіпті неміс тілдерінде оқыды, бірнеше зияткерлік тапсырмаларды орындайтын топтық ойынға қатысты.  Соңында, біздің оқырманадарымыз Абай өлеңдерінің негізінде түрлі-түсті эскиздер жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге шақырылды.

 

Book or TV/Теледидар немесе кітап

Теледидар немесе кітап не үшін маңызды? Бұл сұрақт қазіргі қоғамда жиі қойылады. Ағылшын тілі үйірмесінің бүгінгі сабағында біз қызықты саяхатқа аттандық және бірінші кітаптың құрылу тарихымен танысып, теледидардың маңыздылығы туралы сөйлестік. Балалар кітап викторинасына қатысып, оқылған үзінділер бойынша кітап жанрларының, шығармалардың аттарын тапты, телешоулардың ағылшын атауларымен танысты және аптаның әр күніне арналған бағдарламасын жасап шығара алды.

Жол жүру ережелері

Жол – бұл қозғалыс ережелерін білуді және сақтауды қажет ететін орын. Сабақ басында балалар жол белгілерінің ағылшын атауларымен және көлік түрлерімен танысты. Топтық ойында қажетті белгіні табуды үйренді, содан кейін «Жылжымалы бағдаршам» ойынын ойнап, жол қозғалысы ережелері туралы жадынама жасады. Ал соңында өздерінің «болашақ автомобилінің» суретін салып, ол туралы ағылшын тілінде қысқаша ақпарат берді.

Fruits party/Жемістер кеші

Тіл үйірмесінің келесі сабағы ең дәмді және пайдалы «жемістер» тақырыбына арналды. Біздің ең жас ағылшын тілін сүйіп оқитын оқырмандарымыз жемістердің ағылшын атауларымен танысты. Содан кейін дүкенге барып, сатушылар мен сатып алушылар рөлінде өздерін сынап көрді де ағылшын тілінде шағын көрініс жасай алды. Олар бақшаға барып, компотқа керекті жеміс жинады. Онда көздерін буркеп жеміс түрін анықтайтын ойын ойнап, жұмбақтар байқауына қатысты.

Writers and their characters/Жазушылар мен олардың кейпкерлері

Әр түрлі шығармаларды, әсіресе ертегілерді оқу әрқашан қызықты және ерекше тақырып. Бүгін біз өзіміздің тыңдаушыларымызбен бірге балалар шет ел әдебиетінің сиқырлы, зерттелмеген әлеміне жол тарттық. Мұнда балалар А.Милн, Р.Киплинг, М.Твен сияқты ағылшын тілінде сөйлейтін жазушылардың өмірбаянымен және танымал шығармаларымен танысты. Сонымен қатар олар зияткерлік конкурстарға қатыса алды. Онда олар бейне үзінділер бойынша шығармалардың аттарын білді, авторларды портреттері бойынша тани алды, “сенемін, сенбеймін”ойынын ойнады. Іс-шара соңында балалар өз кейіпкерлерін сурет салу арқылы шығармашылық таланттарын көрсетті және оларға ағылшын тілінде қысқаша сипаттама берді.

Find the literary character/Әдеби кейіпкерді тап

Жаз-қызықты кітаптар оқып, сүйікті кейіпкерлеріңізді еске түсіретін уақыт. Тіл үйірмесінің кезекті сабағында біз кішкентай білгірлерді “Өз ойыным” танымдық әдеби викторинасына қатысуға шақырамыз, онда олар ертегілер, мультфильмдер мен басқа да шығармалардың кейіпкерлерін ойланып табатын болады.

 

Meals and cooking/ Тағамдар және оларды әзірлеу

Тіл үйірмесінің бүгінгі сабағында балалар көкөністер мен жемістердің ағылшын атауларымен танысты, жұмбақтар байқауына қатысты, “Кафеде” шағын қойылымын қойды. Онда олар қандай да бір жеміс немесе көкөніс рөліне кіріп ойын ойнады және бір-бірімен танысу арқылы белгілі бір топтарға бөлінді. Соңғы бөлімде олар тірек сөздердің көмегімен сүйікті тағамдарының түрлі рецептерін жасады.

In the magic world of Math/Математиканың тылсым әлемі

Барлық ғылымдардың патшайымы – Математикаға арналған мереке. Бүгін жазғы лагерьдің балалары оның жұмбақ әлеміне аттанды, онда көптеген жаңа, қызықты және танымды нәрселерді білді. Олар тапқырлықта, танымдылықта және жылдам есептеуде жарысты, сандық эстафетаға қатысты, математикалық адамның жасын анықтады, үстел ойынын ойнады, онда олар сандарды атап, заттарды санады. Сонымен қоса ертегі кейіпкерлерін болжап, сандар бойынша сурет салды.

Wise advices from nature

Валеологиялық мектептің жазғы лагерінің балаларына арналған тілдік үйірме аясында қоршаған ортаға арналған іс-шара өтті. Басында балалар өздеріне ұсынылған суреттерді тірі және жансыз табиғатқа бөліп, ағылшын тіліндегі табиғат туралы кішкентай өлең жолдарын толықтырды да көздерін жұмып табиғат құбылыстарын бейнеледі. “Run – Freeze” ойыны барысында олар жануардың кейпінде қатып қалды, ал жүргізуші олардың аттарын табуға тырысты. Соңында балалар әйгілі “Үйшік” ертегісін еске алып, оның ағылшын тіліндегі шағын қойылымын жасады.

Little kids on a big planet/ Үлкен әлемнің кішкентай балалары

Жаз-бұл ойнауға және көңіл көтеруге арналған керемет уақыт. Бүгін кішкентай оқырмандарымызбен және біз бейқам балалық шақ еліне саяхатқа барамыз. Мұнда балаларды көптеген қызықты жұмбақтар, сөзжұмбақтар мен ойындар күтеді. Сонымен қатар, олар балалық шақ пен жаз туралы көптеген ағылшын сөздерін біледі, және де балалық шақтың планетасын салу арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсететін болады.

Planet of the children

Үйірменің кезекті шарасы аясында кітапхана қызметкерлері сабақты Өскемен қаласының №9 орта мектебінің оқушыларымен өткізді. Сабақ барысында балалар әдеттегідей қорымыздың ағылшын тіліндегі қызықты кітаптармен танысып, шығармалардың сюжеттері бойынша қызықты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, оқырмандар өздерінің білімдерін ертегілердің әртүрлі кейіпкерлеріне тиесілі жасырын заттарды алдын-ала болжай отырып, өздері салған визуалды бейнелермен бекітті. Сонымен қатар, балалар «Edible/Inedible» (жеуге болатын/жеуге болмайтын сөздер) ойынындағы ағылшын сөздерін, есте сақтау мен назарын дамыту ойындарын және «Find the color»(түсті тап) белсенді ойындарын ойнады.

Creating a world full of colours

Әр баланың өмір бойы есте қалатын сәттері бар. Бұл қуанышқа, бақытқа, қызықты оқиғаларға, қиялға толы әсерлер. Бүгін біздің жас оқырмандарымыз “Creating a world full of colours”тақырыбындағы әртүрлі ойындар мен тапсырмалар арқылы осындай жарқын және ұмытылмас сәттерді жасау үшін бізбен бірге сапарға аттанды. Оларға тек  ойнауға және бормен сурет салуға ғана емес, сонымен қатар қала аллеясының әдемі ағаштарының көлеңкесінде ағылшын тіліндегі сүйікті ертегілерін оқуға мүмкіндік берілді.

Heroes of favorite books/Сүйікті кітаптардың кейіпкерлері

Үйірме шеңберіндегі іс-шарада біздің оқырмандар өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін еске алды. Ал қызықты «Guess the book»(Кітапты тап)  викторинасына қатыса отырып, балалар түрлі ертегілердегі кейіпкерлердің есімдерін ағылшын тілінде біліп, олардың бастан кешкен ғажайып оқиғаларын еске алды. Осылайша оқішыларымыз кітаптар мен олардың авторларының аты-жөндерін білетін болды. Соңында балалар «Қызыл телпек» ертегісі бойынша театрландырылған қуыршақ қойылымын ағылшын тілінде тамашалады.

With a magic brush of fairy tales / Ертегінің сиқырлы қылқаламы

Ертегілер-бұл фольклордағы жанрлардың эстетикалық және тәрбиелік әсерінің ақпараттылығы, күші жағынан таңғажайып бірі. Бүгінгі үйірме сабағы осы жанрдың эстетикасына арналды. Біздің оқырмандар өздерінің сүйікті ертегілері бойынша өз суреттерін жасауға қатыса алды. Бұған дейін оларға “Guess the tail”, “Who is it?” “Wolf and goatlings” және “Ертегі әуені” ойындары ұсынылады.

Unity is a great power/Күш бірлікте

Қазақстан халықының ынтымақтастығы күніне арналған іс-шарада кішкентай оқырмандарымыз неміс ертегісі «Гензель және Гретель», орыс ертегісі «Маша және аю» және қазақ ертегісі «Алдар Көсе» сияқты түрлі халықтардың ертегілерінің кейіпкерлері арқылы біздің еліміздің аумағында тұратын халықтар туралы біле алды. Әдеттегідей, жаңа ағылшын сөздерімен танысты, Қазақстан халықтарының дәстүрлері туралы білді, сондай-ақ түрлі танымдық конкурстар мен ойындарға қатыса алды.

Travel to the stars/Жұлдыздырға саяхат

Іс-шара барысында біздің жас оқырмандарымыз ғарыш кеңістігіне қызықты саяхатқа аттанды, планетамыздың Күн жүйесі туралы көп нәрсе білді. Ғарышқа жасайтын саяхатта балаларға гид болып шегіртке  Лунтик көмекке келді және оларға көптеген қызықты фактілерді айтып, аспан нысандарының ғарыштық физикасын, олардың орналасқан жерін анық түсіндіріп көрсетті. Сонымен қатар, біздің кішкентай оқырмандарымыз нағыз марсиандықпен және ғарыш туристерімен кездесті, ал олар өздерінің жұмбақ Марс планетасындағы «шытырман оқиғаларымен» бөлісті (балаларға біздің оқырмандарымыздың Марс планетасына «ұшуы» туралы бейне материал ұсынылды). Сондай-ақ, оқырмандар өздерінің сөздік қорын жаңа «ғарыштық» ағылшын сөздерімен толықтыра алды.

Health is wealth 

Үйірме сабағында оқырмандарымыз тамақтану мен дене шынықтырудың денсаулыққа пайдасы туралы білді. Сабақ барысында балалар жемістер мен көкөністердің кейбір атауларын ағылшын тілінде қайталады. Сондай-ақ, “Can you…?”/”Сен осылай істей аласың ба?». “Sound mind in a sound body”/”Дені сайдың жаны сау” ойынында балалар дене мүшелерін ағылшын тілінде қайталады, ал дене жаттығулардың суреттері бейнеленген презентацияны оқырмандар қозғалыс етістіктерін қайталау үшін қолданды. Сандай-ақ, білімдерін белсенді ойындармен бекітті.

Science with fun!

Бүгін шет тілдеріндегі әдебиеттер орталығы ғылым аптасына арналған сабағын ұсынды. Ең алдымен балалар Исаак Ньютон, Альберт Эйнштейн Галилео Галилей сияқты ғалымдармен, және олардың ашқан жаңалықтарымен танысты. Ал өткен тақырып пен ағылшын тіліндегі жаңа сөздерді түйіндеп, еске сақтауға «Эврика!» атты ойын-викторинасын ойнады. Сабақ соңында оқырмандар өздері ғалымдарға айналып, бірнеше эксперимент жасап көруге қатысты.

Choosing a career is not an easy matter/«Мамандық таңдау – ертеңді ойлау»

Оқырмандарымыз үшін мамандықтар әлеміне арналған ағылшын тілі сабағы өтті. Бұл сабақта балалар жәрмеңкеге қатысу арқылы мамандықтардың ағылшын атауларымен таныса алды. Олар түрлі ашық алаңдағы ойындар ойнап, бір-біріне мамандықтар туралы жұмбақтар жасырды. Сонымен қатар, шығармашылық жұмыс жасап, өзінің сүйікті мамандығын бейнелейді, сондай-ақ мамандықтар туралы туындылар мен мультфильмдерді еске алады.

 

 

 

 

Kazakh literature in English/Қазақ әдебиеті ағылшын тілінде

Ағылшын тілін сүйіп оқитын оқырмандарымыз “Play and learn English” үйірмесі шеңберіндегі кезекті сабаққа қатысты. Бүгін балалар шағын кітап көрмесіне қатысып, ағылшын тіліне аударылған қазақ жазушыларының кейбір шығармаларымен таныса алды, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев шығармаларының шағын үзінділерін және қазақ халық ертегілерін ағылшын тілінде оқи алды.

“One and only mum”

“Жан жүрегім, анашым”

Бүгін 8-ші Наурыз тамаша көктем мерекесіне арналған сабақ өтті. Сабақ балаларды ағылшын тіліндегі өлеңдердің ақындық конкурсына қатысуға, аналарын құттықтауға арналған сиқырлы гүл жасауға, ана туралы әйгілі ертегілерді еске түсіруге, сөздік қорын толықтыруға шақырды.

“Валентин күні”

Бұл сабақта оқырмандарымыз “Валентин күні” мерекесінің тарихы туралы біліп, жаңа лексикалық бірліктермен танысты, сонымен қатар ағылшын жазушысы және драматург У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» шығармасынан үзінділер оқыды.

 

Share